Қазақ балуаны өзбек қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанды

0
1 363

Грек-рим күресінен сынға түскен отандасымыз қарсыластарын қоғадай жапырып, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.


Қазақ балуаны өзбек қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Саматбек Ізімғали Болгарияның София қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында грек-рим күресінен жеңімпаз атанды, деп жазады Qsport.kz.

Саматбек Ізімғали Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Грек-рим күресінен сынға түскен отандасымыз қарсыластарын қоғадай жапырып, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Саматбек алғашқы алғашқы айналымда кадеттер арасында Еуропа чемпионы Фарид Садихлиді 15:4 есебімен жеңді. Одан кейін Үндістан, Иран және Өзбекстан балуандарын бірде-бір ұпай бермей ұтты. Ал Финалда өзбек балуаны Асадбек Бахрамовты жамбасқа алып ұрып, жауырынын жер иіскетті.

Айта кетейік, 4-7 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Азия чемпионатында да Саматбек чемпион атанған болатын.