Қазақ балуаны Түркиядағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды

0
755

60 келі салмақта грек-рим күресінде Ернар түркиялық Экрем Озтюркті жықты.


Қазақ балуаны Түркиядағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық балуан Ернар Фидахметов Түркиядағы халықаралық турнирдің алтынын жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz.

60 келі салмақта грек-рим күресінде Ернар түркиялық Экрем Озтюркті жықты. Тағы бір боз кліем қожайыны Ахмет Учарды жеңген Ернұр Фидахметов қола жүлдені иеленді.

55 келідегі шешуші белдесуде Аманғали Бекболатов түркиялық Адем Бурак Узунға шамасы келмеді. Осылайша, ол күмісті місе тұтты. Ал Марлан Мұқашев осы салмақта үшінші орын үшін белдесуде тағы бір түрік балуаны Догус Язчиге есе жіберді.

Сонымен қатар, Мейіржан Шермаханбет (67), Умалт Даудов (87), Ислам Умаев (97) және Әлімхан Сыздықов (130) та қола жүлдегер атанды.