Қазақ боксшысы халықаралық жарыста жеңіске жетті

0
2 636

52 келіде шаршы алаңға шыққан спортшы алтын жүлдеге ие болды.


Қазақ боксшысы халықаралық жарыста жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Испанияда бокстан "Boxam" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп жазады Olympic.kz.

52 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Сабырхан Махмұд жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда испаниялық Габриел Эскобарды ұтты.

Ал 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит күміспен күптелді. Ақтық финалда Испания өкілі Эммануэль Рейес Плаға есе жіберді.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы аталған жарысты 1 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады.