Қазақ файтерлер UFC турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

0
824

Жекпе-жектер жексенбіде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.


Қазақ файтерлер UFC турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ERNUR.KZ. Ресейлік қазақ файтер Дамир Ысмағұлов (19-1) пен қытайлық қазақ Сайран Нұрданбек (19-6) АҚШ-тағы UFC Vegas 27 турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп жазады Tengrinews.kz.

Ысмағұловтың салмағы 70,53 келі, ал оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль Алвестің (19-9) салмағы 70,08 келі болды.

Ал Нұрланбек пен оның аустралиялық қарсыласы Джош Кулибаотың (8-1-1) салмағы бірдей болды - 66,22 келі.

Портал мәліметінше, қазақстандық файтерлер бір кардта өнер көрсетеді.

UFC Vegas 27 турнирінің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы америкалық Роб Фант (18-4) пен Коди Гарбрандт (12-3) арасында болатыны хабарланды.

Жекпе-жектер жексенбіде, 23 мамырға қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.