Қазақ футболшысының салған добы жылдың ең мықты голы атағына ұсынылды

0
579

Қазақстандық Айбол Әбікен алаң ортасынан гол салған болатын.


Қазақ футболшысының салған добы жылдың ең мықты голы атағына ұсынылды

ERNUR.KZ. Британиялық SPORTbible басылымы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Айбол Әбікеннің Ұлттар лигасындағы Албаниямен матчте алаң ортасынан салынған голына тамсанды, деп жазады vesti.kz.

"Тоқта, не істеп жатырсың? Алаң ортасынан салынған гол. Қазақстандық Айбол Әбікен голкиперді абдыратып, жыл голының бірін салды. Адам сенгісіз", - делінген басылым твиттерінде.

Айта кетейік, Айбол салған гол Қазақстан құрамасын жеңілістен құтқармады, есеп 1:3 Албания пайдасына.