Қазақ жігіті UFC-де екінші жеңісіне жетті

0
1 930

Дамир Ысмағұлов Чехияда өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде испаниялық Хоэль Альваресті ұтты.


Қазақ жігіті UFC-де екінші жеңісіне жетті

Иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

ERNUR.KZ Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чехия астанасы Прагада өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде Ысмағұловтың қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша этникалық қазақ спорттық мансабындағы 18-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті, ол бұрындары екі рет жеңіліс тапқан. 17 кездесуге қатысқан оның қарсыласы Альварес үшінші рет тізе бүкті. Сондай-ақ, ол UFC турнирінде бірінші рет өнер көрсетті. Айта кетейік, Ысмағұлов UFC ұйымында бірінші рет 1 желтоқсанда Аустралияның Аделаида қаласында жекпе-жекке шықты. Қазақстандық спортшы алаң иесі Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша ол UFC турнирінде жеңіске жеткен бірінші қазақ атанды.