Қазақстан атынан Токио Олимпиадасына кім баратыны белгілі болды

0
826

​Токио Олимпиадасына жаңа бес спорт түрі енді. Қазақстанныің ұлттық құрамасында спорттың 14 түрінен 28 лицензия бар.


Қазақстан атынан Токио Олимпиадасына кім баратыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазіргі кезде соңғы болып жеңіл атлет Айман Ратова олимпиадаға баруға лицензия алды. Ол спорттық жүріс бойынша Түркияның ашық чемпионатының қола медалін жеңіп алды, деп жазады sputniknews.kz.

Ратова 20 шақырым қашықтықты бір сағат жиырма тоғыз минут отыз бір секундта жүріп өтті. Бұл оған қола жеңіп алып, олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік берді.

Токио Олимпиадасына тағы кім барады

Юрий Юрков – Дохада өткен нысананы көздеу жарысында алтыншы орынға ие болды. Бұл Олимпиада лицензиясын алуға жеткілікті көрсеткіш.

Сарсенкүл Рысбекова – Дохада өткен Азия чемпионатында стенд ату бойынша екінші орын алып, Олимпиадаға жолдама алды.

Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко – Уханьда өткен Азия чемпионатында қазіргі бессайыс бойынша он екінші және төртінші орындарды иеленді. Сайыста Потапенкодан кейін Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Өзбекстан елінің спортшылары болды.

Ришат Хайбуллин Олимпиадаға жаңа спорт түрі спорттық құзға өрмелеуден қатысады. 2019 жылы Жапонияда өткен әлем чемпионатында финалға қатысу автоматты түрде Хайбуллинге Токио Олимпиадасында орын алуға кепілдік берді.

Дмитрий Баландин – брасс әдісімен 100 метрге жүзу бойынша әлем чемпионы. Ол Токиодағы Олимпиадаға 100 және 200 метрге жүзу бойынша қатысады.

Виталий Худяков ашық суда жүзуден Кувейтте өткен Азия чемпионатында екі рет жеңіске жетіп, Токиодағы Олимпиадаға жолдама алды.

Әртістік жүзу бойынша апалы-сіңлілі Александра мен Екатерина Немич Оңтүстік Кореяның Кванжу қаласында өткен әлем чемпионатында судағы спорт түрі сайыстарында олимпиадалық стандартты орындады.

Милад Карими Германияның Штутгарт қаласында өткен көпсайыс чемпионатының финалына шықты. Сол арқылы Олимпиадаға қатысуыға жолдама алды.

Эльмира Сыздықова мен Валентина Исламова – екі спортшы да еркін күрестен әр түрлі салмақтағы әлем чемпионатында қола алды.

Асхат Ділмұхамедов пен Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресінен 66 және 77 келі салмақта әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Әлішер Ерғали, Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков және Данияр Қайсанов Нұр-Сұлтанда өткен еркін күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Күрестің барлық түрінде лицензия аталмайды.

Токио Олимпиадасына велосипед спортынан Қазақстан құрамасынан үш спортшы қатысады. Лицензия аталмайды.

Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин – Әлем кубогы мен Азия кубогының жеңімпаздары, сондай-ақ садақ атудан Әлем чемпионатының жеңімпаздары. Спортшылар жеке, команда ретінде де өнер көрсетеді.

Ольга Рыпакова – жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы. Рыпакова Токиода өтетін сайысты есептегенде Олимпиадаға төртінші рет қатысқалы жатыр.

Георгий Шейко – Азия біріншілігінде 20 шақырым қашықтықта күміске ие болды.

Олимпиада ойындары – 2020

XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапонияда өтеді.
Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Токио Олимпиадасына жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг.

206 ұлттық олимпиада комитетінен 11 090 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спортшылардың 49%-ы – әйелдер.