"Қазақстан барысы-2022" жеңімпазы Румыниядағы әлем кубогында үздік атанды

0
989

Қара теңіз жағалауында өткен әлем кубогына 15 елдің спортшылары келді.


ERNUR.KZ. "Қазақстан Барысы" чемпионы, қызылордалық балуан Мақсат Исағабылов Румынияның Констанца қаласында өткен қазақ күресінен әлем кубогінің иегері атанды, деп жазады stan.kz.

Қара теңіз жағалауында өткен әлем кубогына 15 елдің спортшылары келді. Қызу тартыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлері медаль мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Қазақстанның үздік балуаны Мақсат Исағабылов 100 кг салмақта күресіп, ешкімге дес бермеді. Сегіз алтын медальдың жетеуін қазақ спортшылары еншіледі.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда қазақстандық Еркінбек Бөлен камерундық Доласем Дьэдоннадан жеңіліп қалды.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін екі қазақстандық балуанның әлем құрамасына шақырту алғаны жарияланған еді.