Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды

0
743

Азия чемпионаты 20 қырүйекке дейін жалғасады.


Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды

Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионаты қыза түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

13 және 14 қыркүйек күні ел қоржынына бірқатар жүлделер түсті. 13 қыркүйек күні пневматикалық тапаншада 10 метрге ату жаттығуы бойынша командалық сын өз мәресіне жетті. Бұл сында Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды. Эльдар Иманқұлов, Владимир Исаченко және Валерий Рахимжан қарсыластарынан үздік шықты. Екінші орынға Сауд Арабиясы, үшінші орынға Қырғызстан құрамасы иелік етті.
Жасөспірімдер арасында 10 метрге тапаншамен көздеу жаттығуы бойынша да Қазақстан командасы жеңімпаз атанды. Ярослав Махнев, Алексей Лотарев, Никита Чирюкин үштігі ең көп ұпайға ие болды. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Қырғызстан спортшылары жеңіп алды.
Сондай-ақ, кеше пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден сынға түскен Ольга Аксенова қола жүлдегер атанды. Ол 215.3 ұпай жинаған. Алтын және күміс медальді Таиланд елінің спортшылары өзара бөлісті.
Айта кетсек, Азия чемпионаты 20 қырүйекке дейін жалғасады.