Қазақстан Еуро-2020 іріктеу матчында Кипрмен тең ойын көрсетті

0
730

I топтың бесінші турының ойыны Никосияда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.


Қазақстан Еуро-2020 іріктеу матчында Кипрмен тең ойын көрсетті

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Кипр командасымен ойнап, тең түсті,деп жазады Tengrinews.kz.

I топтың бесінші турының ойыны Никосияда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Екінші минутта шабуылшы Алексей Щеткин Қазақстанды алға шығарды. Бірінші таймның ортасында Кипр есепті теңестіру мүмкіндігіне ие болды, бірақ Қазақстан қақпашысы Дмитрий Непогодов саусағының ұшымен допты басқа жаққа бұрып жіберді.

Алаң иелері 39-шы минутта есепті теңестірді.

Екінші тайм голсыз өтті. Онда киприоттар белсенді болды, ал Қазақстаннан алаңға алмасып шыққан Максим Федин жақсы ойнады. Алайда, есеп - 1:1 болып қалды.

Алтыншы тур ойындары 9-дан 10-шы қыркүйекке қараған түні болады: Ресей өз үйінде Қазақстанмен, Шотландия - Бельгиямен, ал Сан-Марино - Кипрмен ойнайды