Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ іріктеуінен шығып қалды

0
561

Қарағандыдағы ойын Балтық жағалауынан келген қыздардың пайдасына 0:2 есебімен аяқталды.


Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ іріктеуінен шығып қалды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Эстония командасына есе жіберіп, әлем чемпионатының іріктеу турнирінде ұпай ала алмады, деп жазады vesti.kz.

Қарағандыдағы ойын Балтық жағалауынан келген қыздардың пайдасына 0:2 есебімен аяқталды.

Матчтағы алғашқы голды Мария Демидова өз қақпасына салды. Артынша Геттер Саар таблодағы есепті еселеді.

Осылайша, отандастарымыз іріктеу турниріндегі қатарынан өткен оныншы кездесуін жеңіліспен (ред. голдар 4:34) аяқтады. Эстония қыздары болса біздің команданы екі рет ұтып алты ұпай еншіледі.

Бұл топта Франция (27 ұпай) көш бастаса, Уэльс (19 ұпай) пен Словения (17) құрамалары екінші орынға таласады. Грекия ойыншылары жарысты (13 ұпай) төртінші орында аяқтады.