Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

0
1 923

800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.


Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

ERNUR.KZ. Бүгін, 29 қыркүйекте Ханчдоудағы (ҚХР) 2023 жылғы Азия ойындарының таңғы сессиясында жүзуден іріктеу кезеңі өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшылар келесідей нәтиже көрсетті:

- Әйелдер арасындағы 4х100 аралас эстафетада Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Спдаренко және Диана Тасжанова 4:11,93 уақытпен мәреге жетті. Команда Қазақстан рекордын орнатып, алтыншы нәтижемен финалға шықты;

София Сподаренко 50 метрлік баттерфляй әдісін 26,45 көрсеткішпен аяқтап, бесінші орыннан финалға өтті;

50 метрге брасс әдісімен жүзуде сегізінші нәтижемен Арсен Қожахметов 28.40 көрсеткішпен финалға өтті;

800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.

Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17.30-да басталады.