Қазақстан командасы әлем чемпионатында 18-ші орынға тұрақтады

0
650

Қазақстан сапынан Елдос Сметов қола жүлдегер атанды.


Қазақстан командасы әлем чемпионатында 18-ші орынға тұрақтады

ERNUR.KZ. Дзюдодан Жапония астанасы Токиода аяқталған әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан 18-ші орынға тұрақтады, деп жазады prosports.kz.

Қазақстан сапынан Елдос Сметов қола жүлдегер атанды. Қазақстан жалпы командалық есепте Моңғолиямен бірге 18-ші орынды бөлісуде.

Ал әлемдік дода қорытындысы бойынша 4 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль иеленген Жапония құрамасы көш бастады. Екінші орында 3 алтын және 2 қола иеленген Франция командасы. Үздік үштікті 1 алтын, 1 күміс еншілеген Португалия тұйықтап тұр.