Қазақстан құрамасы алғаш рет Италияда ойнайды

0
503

Матч 16 маусымда өтеді.


Қазақстан құрамасы алғаш рет Италияда ойнайды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясындағы келесі ойынын Италияның Парма қаласында өткізеді, деп жазады vesti.kz.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Yotube арнасындағы "ДНК футбола" бағдарламасында ұлттық команда капитаны Асхат Тағыберген айтып берді:

"Сан-Мариноға қарсы Пармада ойнаймыз. Олар стадионды жауып тастады".

Матч 16 маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы бұған дейін ешқашан Исталияда ойнап көрмеген екен.

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Еуро-2020 жарысына іріктеу аясында Сан-Мариномен сырт алаңда ойнап, 3:1 есебімен ұтқан болатын.