Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 11 саты жоғары көтерілді

0
437

Маусым айында Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан төрт кездесу өткізді.


Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 11 саты жоғары көтерілді

ERNUR.KZ. Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) жаңартылған рейтингті жариялады, деп жазады Vesti.kz.

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 11 саты жоғарылаған.

Жаңа рейтингте Қазақстан құрамасы 125 орыннан 114 орынға көтерілді.

Еске салайық, маусым айында Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан төрт кездесу өткізді. Оның үшеуінде біздің құрама жеңіс жетсе (Әзірбайжан (2:0), Словкия (1:0), 2:1), біреуінде тең түсті (Беларусь (1:1).

Жаңартылған ФИФА рейтингі:

1. Бразилия – 1838 ұпай

2. Бельгия – 1822

3. Аргентина – 1771

4. Франция – 1765

5. Англия – 1737

6. Испания – 1717

7. Италия – 1714

8. Нидерланды – 1680

9. Португалия – 1679

10. Дания – 1665

…114. Қазақстан – 1166