Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінің жүздігіне ілікпеді

0
613

Қазақстан құрамасы 118-ші орында қалды


Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінің жүздігіне ілікпеді

ERNUR.KZ. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) бүгін, 9 сәуірде жарияланған рейтінгінде Қазақстан құрамасы 118-ші орында қалды, деп жазады Vesti.kz.

Рейтингтің алғашқы ондығында өзгеріс жоқ. Көшбасшы Бельгия, екінші орында қазіргі әлем чемпионы Франция құрамасы және Бразилия үшінші.

Айта кетейік, Михал Билек жаттықтыратын Қазақстанның ұлттық құрамасы 27 наурызда Литвамен, үш күн өте Армения құрамасымен ойнау керек болатын. Алайда бұл матчтер коронавирус пандемиясына байланысты өтпеді.

ФИФА рейтингі енді 11 маусымда жаңартылады.