Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен матчқа негізгі құрамын жариялады

0
567

Өзбекстан мен Қазақстан матчі бүгін Астана уақытымен 19:00 басталады.


Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен матчқа негізгі құрамын жариялады

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы Ташкентте Өзбекстанмен өтетін жолдастық ойынға шығатын алғашқы құрамды жариялады, деп жазады vesti.kz.

"Пахтакор" стадионында өтетін жолдастық матчқа "қаршығалар" сапында: Игорь Шацкий, Михаил Габышев, Сергей Малый, Александр Марочкин, Нұралы Әліп, Тимур Досмағамбетов, Асхат Тағыберген, Аслан Дарабаев, Рамазан Оразов, Эльхан Астанов және Абат Айымбетов бірінші минуттан бастап шығады.

Қосалқы құрамда допинг дауына қатысты екі жыл алаңға шықпаған Бауыржан Исламхан, ЦСКА қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов және басқа да ойыншылар қалды.

Өзбекстан мен Қазақстан матчі бүгін Астана уақытымен 19:00 басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен және ресми сайтынан тамашалай аласыздар.