Қазақстан құрамасы жартылай финалда

0
1 210

Қазақстан футзалшылары жартылай финалда. Футзалдан Словенияда өтіп жатқан ХІ Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы қарқынды ойын көрсетіп, қатарынан екінші рет жартылай финалға шықты.


Қазақстан құрамасы жартылай финалда

сурет uefa.com сайтынан

Қазақстан футзалшылары жартылай финалда. Футзалдан Словенияда өтіп жатқан ХІ Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы қарқынды ойын көрсетіп, қатарынан екінші рет жартылай финалға шықты. Жерлестеріміз Сербия құрамасына қарсы ойын өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. 7 - минутта есеп ашылды. Жаманқұлов шабуылды сәтті аяқтады.

Үзілістен кейін аренаға жиналған жанкүйерлер 3 голға күә болды. 23 - минутта Тайнен есепті 2:0ге жеткізді. 36 - минутта Райчевич сербиялықтардың бір голына авторлық жасады. Бірақ, оларға таразы басын теңестіру бұйырмады. Соңғы минутта отандастарымыз кезекті голды соғып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторы Жуниор