Қазақстан құрамасының футболшысы карьерасын Ресейде жалғастыратын болды

0
539

Бұған дейін ол Бельгияда ойнады.


Қазақстан құрамасының футболшысы карьерасын Ресейде жалғастыратын болды

ERNUR.KZ. 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский жақын арада ресейлік "Уралмен" келісім-шартқа отырады, деп жазады vesti.kz.

Футболшы жаңа клубына еркін агент ретінде қосылады.

Ян Вороговский "Беерсхот" клубына 2019 жылдың маусым айында қосылды. Осы уақыт ішінде ол бельгиялық команда сапында 43 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Ян - Алматы футбол мектебінің түлегі. Қазақстанда ол "Ақ-Бұлақ", "Жетісу-Сұңқар", "Қайсар" және "Қайрат" командаларында ойнады.

"Урал" Ресей Премьер-лигасының соңғы маусымында 12-орынға ие болды.