Қазақстан құрамасының шабуылшысы командасыз қалды

0
486

Тұрысбек өткен маусыды мүлде ойнамады.


Қазақстан құрамасының шабуылшысы командасыз қалды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек пен "Атырау" командасы келісімшартты ұзартпау туралы келісімге келіпті, деп жазады Vesti.kz.

Тұрысбек өткен маусыды мүлде ойнамады. Ал қыста "Ақсу" сапына қосылған болатын. Бірақ шабуылшы павлодардық команданың бапкерлерінің көңілінен шықпады.

Сөйтіп, 2022 жылдың басында шабуылшы "Атырау" командасына қосылған болатын. Бұл клубтың сапында Тұрысбек тоғыз кездесу өткізді. Бірақ, нәтижелі әрекетімен көзге түспейді. Сондықтан команда онымен келісімшартты ұзартпайтын болды.

Айта кетейік, 30 жастағы шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 14 кездесу өткізген. Жалпы ол осыған дейін "Спартак", "Сұңқар", "Тобыл", "Қайрат", "Жетісу", "Шахтер" және "Тараз" командаларының намысын қорғаған.