Қазақстан Ресеймен өткен ойында есе жіберді

0
650

Ойынның 63-ші минутында Ресей құрамасында бірден үш адам ауысты.


Қазақстан Ресеймен өткен ойында есе жіберді

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде Ресейден жеңілді, деп жазады Vesti.kz.

Калининградта өткен I тобының алтыншы айналымында 1:0 есебімен алаң иелері басым түсті.

Ойын басталғанда Қазақстан құрамасының сапында Бауыржан Исламхан болмады, ол алаңға 651-ші минутта шықты. Бірінші тайм тең аяқталды. Ойынның 63-ші минутында Ресей құрамасында бірден үш адам ауысты. Қазақстан құрамасы дереу контршабуылға көшті, алайда қақпашыға айтарлықтай қауіп төндіре алмады.

Ойын соңында (89-шы минутта) Ресей құрамасында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық Марио Фернандес өз командасына жеңіс алып келді.

Айта кетейік, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Кипр футболшыларымен тең ойнады. Ойын Никосия қаласында өтті және есеп 1:1 болды.

Келесі ойындарды Қазақстан құрамасы өз алаңында өткізеді: 10 қазанда Кипр құрамасы, 13-нде Бельгия. Қарашада Сан-Марино мен Шотландияға қарсы ойындар бар.