Қазақстан таеквондошылары Түркиядағы халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды

0
1 208

Түркиядағы ірі халықаралық турнирге кадеттер арасынан 262, жастар арасынан 561 спортшы бақ сынаған


Қазақстан таеквондошылары Түркиядағы халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан таеквондодан "Turkish Open" халықаралық турнирінде Қазақстан кадеттер және жастар құрамасы 4 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ktk.kz.

Кадеттер арасында Әмір Салиханов пен Эльназ Нажимова алтын жүлдегер атанса, Нұрғиса Сағадатов финалда сүрінді. Арайлым Асқарова мен Эмиля Папкованың еншісінде қола медаль бар.

Жастар құрамасы сапынан түркістандық Аманбол Бегімбетов пен Алматы облысының өкілі Мейір Нұрғазин қарсылас шақ келтірмеді. Самирхан Абабәкіров (Шымкент) күміс медаль иеленсе, Ұлықбек Мәжитов (Түркістан обл), Наргиза Қойшыбекова (Тараз), Арайлым Тасболат (Түркістан) және Зиода Ирисметова (Шымкент) қола жүлдегерлер қатарында.

Түркиядағы ірі халықаралық турнирге кадеттер арасынан 262, жастар арасынан 561 спортшы бақ сынағанын айта кеткен жөн.