Қазақстандық ауыр атлет жұлқи көтеруде Әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды

0
498

Жалпы, ұлттық құрама сапынан 55-тен 102+ келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 13 спортшы барды.


Қазақстандық ауыр атлет жұлқи көтеруде Әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей жұлқи көтеруде Әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.

Ол 55 келі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 259 (118+141) келі көтеріп, қорытынды хаттамада төртінші орынға ие болды.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, Арли Чонтейге үздік үштіктен көрінуге бір келі жетпей қалған.
Арли Чонтей Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандықтар арасында бірінші болып сайысқа түсті. Жалпы, ұлттық құрама сапынан 55-тен 102+ келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 13 спортшы барды.