Қазақстандық ауыратлет әлем чемпионы және басқа да атақтарынан айырылды

0
749

Оның қан құрамынан станозолол табылған.


Қазақстандық ауыратлет әлем чемпионы және басқа да атақтарынан айырылды

ERNUR.KZ. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ресми түрде қазақстандық зілтемірші Владимир Седовты 2009 жылғы әлем чемпионы атағынан айырды, деп жазады vesti.kz.

Сондай-ақ, допинг қолданғаны үшін Седов 2008-2016 жылдары аралығында жеңіп алған барлық медальдерінен айырылды. Бұл жерде Азия біріншілігінің (2009 және 2016 жылдары) жеңімпазы, 2011 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ, 2013 жылғы әлем біріншілігінде қола және ӘЧ-2014-те күміс медаль.

2016 жылы жазда IWF және Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) қазақстандық спортшының анализдерін қайта тексеріп, қан құрамынан станозолол тапқан. Екі жылға созылған тергеу аяқталған соң, Седов екінші рет допингпен ұсталғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттелген еді.

Ол кезде IWF оны Олимпиада-2008 ойындарында алған төртінші орын алғанын жоққа шығарды. Енді федерация сайтында Седовтың нәтижесіне қарама-қарсы тұста DSQ (дисквалификация) белгісі тұр.