Қазақстандық балуан Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

0
390

Ол 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалында ирандық Саяд Әли Именталабфоманиді 5:2 есебімен жеңді.


Қазақстандық балуан Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп жазады vesti.kz.

Ол 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалында ирандық Саяд Әли Именталабфоманиді 5:2 есебімен жеңіп, қазақстандық спортшылар арасынан турнирдің алғашқы жеңімпазы атанды.


Ал тәжірибелі балуан Алмат Кебіспаев (67 келі) Фирус Мирзораджабовты (Тәжікстан) жеңіп, Астанадағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық балуан іріктеуде тайбэйлік Ху Юй Ченді, ширек финалда үндістандық Ашу Асхуды ұтқан, бірақ жартылай финалда өзбекстандық Аброр Атабаевқа есе жіберді.

Ал 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Олжас Сырлыбай үндістандық Нариндер Чеманы ұтып, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Қызылордалық балуан бүгін ширек финалда Ислам Ынтымақтастығы ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері қырғызстандық Узур Жүсіпбековтен ұтылып қалды. Дегенмен жұбаныш белдесуінде оңтүстік кореялық Сейеол Лидің жолын кесті.