Қазақстандық биатлоншы халықаралық турнирде бірінші орын иеленді

0
690

Никита ату кезінде мүлт кетпей, аталған қашықтықты 20 минут, 56,2 секундта жүріп өтті.


Қазақстандық биатлоншы халықаралық турнирде бірінші орын иеленді

ERNUR.KZ. Австрияда биатлоннан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасында 7,5 шақырымға созылған спринтерлік жарыста қазақстандық Никита Акимов бірінші орын иеленді, деп жазады baq.kz.

Никита ату кезінде мүлт кетпей, аталған қашықтықты 20 минут, 56,2 секундта жүріп өтті.

Ал Қазақстан сапынан сынға түскен Семен Вдовин 20, Вадим Куралес 23, Данил Червенко 28-орынға тұрақтаған.

10 шақырымға созылған жасөспірімдер додасында Владислав Киреев оныншы орынға табан тіреді.

Қыздар арасында Ксения Долголапова 11, Арина Крюкова 14, Полина Егорова 25, Кристина Титиевская 45-орыннан көрінді.