Қазақстандық боксшы Азиядада қарсыласын нокдаунға түсірді

0
943

50 келі салмақта өнер көрсететін Назым 1/8 финалдық кездесуде непалдық Сусма Тамангті 5:0 есебімен таза жеңді.


Қазақстандық боксшы Азиядада қарсыласын нокдаунға түсірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық бұрымды боксшы Назым Қызайбай Ханчжоудағы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп жазады vesti.kz.

50 келі салмақта өнер көрсететін Назым 1/8 финалдық кездесуде непалдық Сусма Тамангті 5:0 есебімен таза жеңді. Оның үстіне екінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді.

Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін моңғолиялық Йесуген Оюнцетцегпен өткізеді.