Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады

0
382

​Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0.


Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері басталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов венгриялық Ролан Галосқа қарсы шықты. Жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0. Оған қоса, венгриялық боксшы екі рет нокдаун алып қалды. Серік Теміржановтың келесі қарсыласы – америкалық Дьюк Раган.

Айта кетейік, Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).