Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

0
546

Әлем чемпионатының бірінші айналымында Теміржанов Азия чемпионы моңғолиялық Эгкх Амар Хархуден үстем түсті.


Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz.

Әлем чемпионатының бірінші айналымында Теміржанов Азия чемпионы моңғолиялық Эгкх Амар Хархуден үстем түсті. Төрешілер жеңісті бір ауыздан отандасымызға берді.

Бас төреші кездесудің екінші раундында дәрігерлермен ақылдасып, айқасты тоқтатты. Себебі, моңғолиялық боксшы жарақат алып қалды.

Енді 23 жастағы Теміржановтің келесі қарсыласы 2019 жылы жастар арасында Азия чемпионы атанған жапониялық Рейто Цуцуми болады.