Қазақстандық бұрымды боксшылардың ӘЧ жүлдесі үшін қанша сыйақы алатыны айтылды

0
595

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің бастамасымен бұл жиында боксшылар мен бапкерлерге сыйақы беріледі.


Қазақстандық бұрымды боксшылардың ӘЧ жүлдесі үшін қанша сыйақы алатыны айтылды

ERNUR.KZ. 18 тамыз күні Алматы қаласында Түркияның Ыстамбул қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанған боксшыларға арналған баспасөз жиыны және құрмет көрсету шарасы өтеді, деп жазады Vesti.kz.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің бастамасымен бұл жиында боксшылар мен бапкерлерге сыйақы беріледі.

Түркияда өткен әлем чемпионатында 72 елден 300-ден астам боксшы өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысты. Біздің боксшылар арасында Алуа Балқыбекова күміс жүлдегер, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова қола медаль иеленді.

Бұл әлем біріншілігінде күміс жүлде алған боксшы ҚФБ тарапынан 30 мың, ал қола жүлде иеленгендер 10 мың доллардан сыйақы алады.