​Қазақстандық дзюдошылар Германияда топ жарды

0
1 144

Қазір ұлттық құрамамыздың қоржынында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола бар.


​Қазақстандық дзюдошылар Германияда топ жарды

ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошылар Германия астанасында өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа кубогында жүзден жүйрік шығып, 5 медаль жеңіп алды деп жазады 24.kz.

Қазір ұлттық құрамамыздың қоржынында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола бар.

55 және 73 келі салмақта белдескен Дамир Болатбеков пен Жанболат Бақытбергенов алтын, Арслан Есенгел мен Ғалия Тынбаева күміс, ал Аңсарбек Гайнуллин қола медаль иеленді. Сөйтіп жарыстың алғашқы күнгі қорытдынысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есеп бойынша 38 елдің ішінде бірінші орынға көтерілді. Ал жалпы жарысқа 500 дзюдошы қатысып жатыр. Спортшыларымыз сайыстың екінші күні де жанкүйерлерімізді қуантуға уәде етіп отыр.