Қазақстандық дзюдошылар Польша Еуропа кубогінен 5 медаль жеңіп алды

0
663

23-24 сәуір күндері Польшаның Познань қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті.


Қазақстандық дзюдошылар Польша Еуропа кубогінен  5 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінен бір алтын, үш күміс және бір қола жүлде жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz.

23-24 сәуір күндері Польшаның Познань қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған бәсекеге дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасы қатысты.

Ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар тізімі келесідей:

Алтын - Мерей Марханбетов (60 келі)

Күміс - Нұрқанат Серікбаев (60 келі)

Күміс - Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі)

Күміс - Жұрқамырза Шүкірбеков (-100 келі)

Қола - Нұрсұлтан Жұбатқан (60 келі)