Қазақстандық футболшы қанша табыс тапқанын айтты

0
1 222

​Қақпашы "Ақтөбе", "Қайрат" пен "Ордабасы" намысын қорғаған болатын.


Қазақстандық футболшы қанша табыс тапқанын айтты

Қазақстанның футбол құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников спортта қанша табыс тапқанын және өміріндегі қызықты оқиғалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Vesti.kzсайтына сілтеме жасап.

Қақпашы "Ақтөбе", "Қайрат" пен "Ордабасы" намысын қорғаған болатын.

Биыл қаңтарда 38 жастағы Сидельников спорттан кететіні туралы мәлімдеген болатын. Спортпен кәсіби түрде 1997 жылы "Спартак" сапында шұғылдана бастаған. Қазақстан премьер лигасында 2008 жылдан бері ойын көрсетіп, "Ақтөбе", "Қайрат" пен "Ордабасы" намысын қорғады. 2010- 2015 жылға дейін Қазақстан құрамасында болды.

Кәсіби мансабы кезінде тапқаны үш миллион доллар екен, алайда, сол күйі миллионер атана алмаған.
"Юрий Дудьтікіне ұқсас сұрақ, спорттан милионер болып кеттім бе? Жоқ, достар, бола алмадым. Ол ақшаны қайда жұмсағанымды да айтып бере алмайтын шығармын. Сәтсіз инвестиция мен ойсыздық...


⠀Спортшылардың көбі табысын мансабын аяқтаған уақытқа керек болады деп сақтап қалуды ойламайды. 35 жасқа дейін қанша ақшаны жинай алатыныңызды есептеп көріңізші. Сосын ойланыңыз: ертең ақшаңыз сақтаулы тұру үшін бүгін не істедіңіз?" - деп жазыпты Сидельников Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен бірге, қақпашы өмірінің ең қызық сәттері 55 нөмірі жазылған футболкамен өткенін айтады. 11 кубогта ұтылып, құрама үшін 29 матч өткізген. "Қазақстан құрамасы үшін ойнағанымды мақтан тұтамын", - дейді Сидельников.