Қазақстандық гимнаст әлем чемпионатының финалына шықты

0
529

Іріктеу кезеңіне барлығы 77 спортшы қатысты.


Қазақстандық гимнаст әлем чемпионатының финалына шықты

ERNUR.KZ. Болгарияның София қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында қазақстандық Эльжана Таниева көпсайыстан финалға шықты, деп жазады ulysmedia.kz.

Жекелей сында Қазақстан атынан Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы сынға түскен болатын.

Іріктеу қорытындысы бойынша Таниева 14-орынға тұрақтап, финалға жолдама алды.

Ал Айбота Ертайқызы барлық жаттығуды қатесіз орындап, 24-орында қалды.

Іріктеу кезеңіне барлығы 77 спортшы қатысты. Финалға тек 18 гимнаст жолдама алады.