Қазақстандық хоккейші Даррен Диц әке атанды

0
429

Даррен Диц «Барыс» құрамында бес маусым бойы ойнады.


Қазақстандық хоккейші Даррен Диц әке атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық және канадалық хоккейші, мәскеулік ЦСКА командасының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Дицтің отбасында қуанышты жаңалық. Спортшының жұбайы Іңкәр қыз босанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, бір жарым жыл бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц «Барыстан» Мәскеудің ЦСКА клубына ауысқан еді.

Келісім аясында қазақстандық клуб қаржылай өтемақы алды.

Даррен Диц «Барыс» құрамында бес маусым бойы ойнады.

Құрлық хоккей лигасында осы кезеңде ол 269 матч өткізіп, 67 гол соғып, 107 нәтижелі пас берді. Сөйтіп 174 балға қол жеткізді.