Қазақстандық клубтар еурокубоктен қанша сыйақы тапқаны белгілі болды

0
642

KazFootball.kz порталының ақпараты бойынша, "Тобыл" биыл еурокубок ойындарынан 845 000 доллар табыс тапқан.


Қазақстандық клубтар еурокубоктен қанша сыйақы тапқаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық "Тобыл", "Астана", "Қайрат" және "Қызыл-Жар" командалары 2022/23 жылғы маусымдағы еурокубоктегі жолдарын аяқтады, деп жазады Vesti.kz.

KazFootball.kz порталының ақпараты бойынша, "Тобыл" биыл еурокубок ойындарынан 845 000 доллар табыс тапқан. Қостанайлық команда ЧЛ бірінші кезеңіне қатысқаны үшін 285 000 доллар алады. Ал тағы 560 000 долларды Конференция лигасы үшінші ірікеу кезеңіне шыққаны үшін.

"Қызыл-Жар" командасы болса 560 000 доллар сыйақыға ие болады. Петропавлдық ұжым Конференция лигасының үшінші кезеңінен аса алмады.

"Астана" мен "Қайрат" Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде болды. Сол үшін бұл командаларға 356 000 доллар беріледі.

Осылайша биыл қазақстандық командалар еурокубо ойындарынан 2 117 000 доллар сыйақы иеленеді. Жыл соңында бұл сомма жарнамалар мен трансляциялардың арқасында тағы көбейеді.