Қазақстандық конькиші Әлем кубогі кезеңінде жүлде жеңіп алды

0
513

Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңдегі 2-жүлдесіне ие болды.


Қазақстандық конькиші Әлем кубогі кезеңінде жүлде жеңіп алды

ERNUR.KZ. Бүгін Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің 3-кезеңі аяқталды, деп жазады vesti.kz.

Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңдегі 2-жүлдесіне ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын 3-болып қиды. Қазақстандық спортшының нәтижесі: 7:55.850 секунд.

Бұл жарыста италиялық Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл оның 2019 жылдан бергі Әлем Кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер атанды. Айта кетейік, 2-жарыс күні Надежда Морозова 1500 метрде күміс жүлде алған.