Қазақстандық конькиші төрт құрлық чемпионатында алтын медаль еншіледі

0
816

Ол аталған қашықтықты 1:33.45 секундта жүгіріп өтті.


Қазақстандық конькиші төрт құрлық чемпионатында алтын медаль еншіледі
ERNUR.KZ. Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады zakon.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, аталған сында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр.

1500 метр қашықтықтағы жарыста қазақстандық Дмитрий Морозов тамаша өнер көрсетіп, алтын медальге ие болды. Ол аталған қашықтықты 1:33.45 секундта жүгіріп өтті.

Күміс және қола жүлдені Канада мен Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Демьян Гаврилов жетінші болып жарысты түйіндеді.