Қазақстандық шахматшылар балалар арасындағы Батыс Азия чемпионатында үздік атанды

0
502

Рапид бойынша командалық есепте біздің спортшылар бірінші орынды иеленді.


Қазақстандық шахматшылар балалар арасындағы Батыс Азия чемпионатында үздік атанды

ERNUR.KZ. Чемпионатқа 300-ге жуық шахматшы қатысады, деп жазады inbusiness.kz.

Рапидте барлық 14 санатта қазақстандықтар 7 алтын, 3 күміс пен 8 қола медаль алды.

Қырғызстандағы жарыста Бангладеш, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Оман, Шри-Ланка, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан ойыншылары және Халықаралық шахмат федерациясының туы астында ойыншылар қатысты.