Қазақстандық спортшы әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті

0
873

«Өткен түні Әнел Сытдықова 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут уақытта гидрокостюм кимей жүзіп өтті», - дейді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев.


Қазақстандық спортшы әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жерлесіміз Әнел Сытдықова әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті! Өткен түні Әнел 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут уақытта гидрокостюм кимей жүзіп өтті. «Қазақстанның темір ханшайымы» атағын бірнеше мәрте иемденген біздің триатлоншымыз Әнел Сытдықованы, бапкерлерін, жақындарын таңдай қағуға тұрарлық нағыз жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Спортшыларымыз жеткен жетістік – біз үшін де зор мәртебе!» – дейді әкім.