Қазақстандық спортшы екі дүркін Азия чемпионы атанды

0
1 633

Алексей Луценко 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған еді


Қазақстандық спортшы екі дүркін Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды.

Айта кетсек, Алексей Луценко 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған еді. Бұл - Қазақстанның Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы екінші алтыны болды.

Сондай-ақ, 23 тамызда академиялық ескек есуде әйелдер арасындағы жекелей жарыста Александра Опачанова қола медаль иеленген.

Қазірше Қазақстан спортшылары Жакартадағы Азия ойындарында 2 алтын, 6 күміс, 15 қола иеленді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанғаны туралы хабар берген едік.