Қазақстандық спортшы ISU Junior Grand Prix турнирінің күміс жүлдегері атанды

0
567

Аталған турнир Гданськ қаласында өтті.


Қазақстандық спортшы ISU Junior Grand Prix турнирінің күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар Гран-при турнирінде «күміс» медаль жеңіп алды, деп жазады ktk.kz

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдаров ISU Junior Grand Prix турнирінің күміс жүлдегері атанды. Аталған турнир Гданськ қаласында өтті. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Михаил Шайдаров 207.3 ұпай еншіледі. Бұл көрсеткіш спортшыға екінші орын алуға мүмкінді берді. Алтын және қола медальды ресейлік Глеб Лутфиллин (231.26) мен Егор Рухин (202.28) алды.