Қазақстандық спортшы скейтбордингтен әлем чемпионатына қатысты

0
507

Кирилл Холопов өз бағдарламасын қатесіз орындап шықты.


Қазақстандық спортшы скейтбордингтен әлем чемпионатына қатысты

ERNUR.KZ. Италияның Рим қаласында скейтбордингтен әлем чемпионаты өтуде. Іріктеу кезеңінде қазақстандық Кирилл Холопов сынға түсті деп жазады olympic.kz.

Қазақстан атынан сынға түскен Холопов іріктеуде 103 спортшының ішінен 97-ші орынға табан тіреді. Ал жартылай финалға тек қана 28 спортшы өтеді.

Айта кетелік, Кирилл Холопов өз бағдарламасын қатесіз орындап шықты. Алайда, қарсыластарының мол тәжірибесі мен еліміздегі халықаралық дәрежедегі скейтпарктердің жоқтығына байланысты, отандық атлет жоғары нәтиже тіркей алмады.