Қазақстандық стенд атудан Азия біріншілігінде күміс медаль иеленді

0
671

«Траншеялық стенд» бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынды иеленді.


Қазақстандық стенд атудан Азия біріншілігінде күміс медаль иеленді

ERNUR.KZ. Алматыдағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында стенд атудан Азия чемпионаты аяқталуға жақын. Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп жазады Olympic.kz.

Ерлер арасындағы «траншеялық стенд» бағдарламасында қазақстандық Виктор Хассянов күміс жүлдегер атанды. Бұл сында алтын медальді кувейттік Насер Меклад иеленсе, қола жүлдеге омандық Әл Насри Салееем қол жеткізді.

«Траншеялық стенд» бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынды иеленді. Екінші орында Кувейт, үшінші сатыда Қытай командасы орналасқан.