Қазақстандық теннисші әлемнің үшінші ракеткасын ұтты

0
582

Матч 1 сағат 41 минутқа созылып, екі сетте 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.


Қазақстандық теннисші әлемнің үшінші ракеткасын ұтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның атынан жарыстарға түсіп жүрген теннисші қыз Елена Рыбакина өз карьерасында тұңғыш рет әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енетін қарсыласты жеңді, деп хабарлайды zakon.kz.

WTA сериясына кіретін теннис турнирі Дубайда өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 19-шы орында тұр. Кеше ол азулы қарсыласы – чехиялық Каролина Плишкованы жеңіп кетті.

Матч 1 сағат 41 минутқа созылып, екі сетте 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Енді финалға шығу үшін Қазақстан өкілі хорватиялық қыз Петра Мартичпен (WTA рейтингтінде 15-ші орында) ракетка түйістіреді.