Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

0
356

Жартылай финалда отандасымыз әлемнің жетінші нөмірлі теннисшісі швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жартыла финалына шықты, деп жазады Vesti.kz.

Олимпиаданың ширек финалында қазақстандық теннисші әлемнің тоғызыншы нөмірлі ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп - 7:5, 6:1. Ойын бір сағат отыз төрт минут болды.

Енді жартылай финалда отандасымыз әлемнің жетінші нөмірлі теннисшісі швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.