Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды

0
686

Халықаралық турнирге 15 мемлекеттің спортшылары қатысты.


Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды

ERNUR.KZ. Үстел теннисінен Таллинде өтіп жатқан «Estonian Open» халықаралық турнирінде командалық сын аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

15 мемлекеттің қатысуымен өтіп жатқан бәсекеде Қазақстан намысын Зәуреш Ақашева қорғап жатыр. Ол Польшаның ATS east rent Białystok клубының сапында сынға түсіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Зәуреш польшалық Габриэла Дышкевич және Моника Терешкевичпен бір топта сынға түскен. Енді қазақстандық спортшы жекелей сында өнер көрсетеді.