Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

0
448

Жұптық сында қазақстандық теннисшілер өз орындарын сақтап қалды.


Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

ERNUR.KZ. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғарылады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-дан 38-ге, сондай-ақ Михаил Кукушкин 131-ден 129-ға, Дмитрий Попко 181-ден 176-ға көтерілді.

Жұптық сында қазақстандық теннисшілер өз орындарын сақтап қалды. Қазіргі кезде Андрей Голубев 36-ыншы, А.Бублик 49-ыншы, Александр Недовесов 84-сатыда тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Черногорияда өткен турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.