Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

0
561

Уимблдонды ширек финалда аяқтаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалды.


Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

ERNUR.KZ. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) және Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жариялады, деп жазады baq.kz.

Уимблдонды ширек финалда аяқтаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалды. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 56-дан 60-қа сырғыса, жұптық сында Анна Данилина 24-тен 25-ке, есесіне Жібек Құламбаева 198-ден 186-ға шықты.

Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына дейін жеткенімен, 26-дан 27-ге сырғыды. Ал, Тимофей Скатов 138-ден 134-ке, Михаил Кукушкин 262-ден 223-ке, Бейбіт Жұқаев 243-тен 242-ге көтерілді. Жұптық сында Александр Недовесов 48-ден 53-ке төмендесе, Андрей Голубев 88-ден 82-ге жоғарылады.