Қазақстандық триатлоншы Африка кубогында «алтын» алды

0
744

Аян Бейсенбаев қашықтықты 00:55:28 уақытта бағындырып, жеңіске жетті.


Қазақстандық триатлоншы Африка кубогында «алтын» алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық триатлоншы Аян Бейсенбаев ОАР-дағы Africa Triathlon Cup Maselspoort Африка Кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аян Бейсенбаев қашықтықты 00:55:28 уақытта бағындырып, жеңіске жетті. Екінші орынды Боб Холлер (Люксембург) иеленді. Үздік үштікті ирландиялық Джеймс Эдгар түйіндеді.